Ақмола облысында Астанадан басқарылатын жылжымалы онлайн көлікті бақылау бекеті жұмыс істейді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының жолдарында Астанадан басқарылатын жылжымалы онлайн көлікті бақылау бекеті жұмыс істейді.
None
None

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық көлікті бақылау инспекциясының басшысы Ерболат Ерімбет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инспекция басшысының айтуынша, «Газель»  және « Hyundai»  көліктеріне жабдықталған жылжымалы бекет заманауи бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Камералар көліктің сыртын және ішін түсіреді. 380 градусқа бұрылатын камера Астанадағы оператор арқылы басқарылатын көрінеді.

null  

«Бұл шаралар жүк тасымалдаушылардың, көлік құралдарының иелері мен жүргізушілері тарапынан заңды сақтауына бағытталған.  Оған қоса, кез  келген интернет қолданушы онлайн режімде бекеттердің жұмысын бақылай алады», деп атап өтті Ерболат Ерімбет.

Сонымен қатар, арнайы бейнебақылау қондырғысы инспекция жұмысы кезінде кейбір айғақ- дәлелдер келтіруге көмектеседі. Оған қоса, бұл жаңалықтың сыбайлас жемқорлықпен күресуге әрі жүк тасымалдаушыларды, көлік құралдарының иелері мен жүргізушілерді тәртіпке шақыратындығы сөзсіз.

Инспекция басшысының айтуынша, жыл басынан бері 3500 астам автокөлік тексерілген. 400 астам әкімшілік іс қозғалған. 32 кәсіпорын тексеріліп, 25 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

null 

Соңғы жаңалықтар