14:40, 10 Маусым 2018 | GMT +5
Ақмола облысында ауа райына байланысты есерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауа райына байланысты есерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

11 маусым күні таңертең және күндіз Ақмола облысында алдымен оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдылығы 80-85%.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін екендігі хабарланған болатын.