Ақмола облысында аудандық ІІБ-нің полиция подполковнигі пара алу кезінде ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Аршалы аудандық ІІБ басшысының орынбасары, полиция подполковнигі пара алу кезінде қолға түсті.
None
None

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ағымдағы жылы 25 мамыр күні ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаменті мен аталған ведомствоның бірлесіп, алдын ала тіркелген ҚР ҚК 366-бабының 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі өндіріс бойынша жүргізілген тергеу жұмыстары барысында 1979 жылы туылған Аршалы аудандық ІІБ басшысы орынбасары, полиция подполковнигі 90 мың теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде қолға түсті. Ол «Э» есімді азаматтан сотқа дейінгі тергеуді тоқтатқаны үшін пара алған.

Күдікті ҚР ҚК 128-бабының негізінде ұсталып, Астана қаласының ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар