09:41, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақмола облысында ауылдардың әлеуметтік мұқтажына 9,5 милиард теңге бөлініп отыр
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағында ауылдық жерлердің әлеуметтік мұқтажына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 6 миллиард 517 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 3 миллиард 6 миллион теңге қаржы бөлініп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық мәслихаттың деректеріне сілтеме жасап. Қарастырылған қаржы ең алдымен ауыл тұрғындарының сумен қамтамасыз етілуі, жолдарды ретке келтіру, денсаулық, мәдениет, білім беру саласының жұмыстарын жақсартуға бағытталатын болады. Бұл ретте республикалық бюджеттен тек елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымына төрт жарым миллиард теңге, ал әлеуметтік салаға үш жарым миллиард теңге ескерілген. Оның сыртында облыстық бюджеттен осы бағытқа тиісінше бір жарым миллиард және екі миллиард теңге төңірегінде қаржы бөлінген. Ал жергілікті бюджет есебінен білім беру жүйесіне басымдық жасалып, бір жарым миллиард теңге қарастырылып отыр.