Ақмола облысында «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясы қорытындыланды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалында жаз айында жүзеге асырылған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясының қорытындысы шығарылды.
None
None

Акция аясында ауылдарды қоқыстан тазарту, көгалдандыру мен абаттандыру, өзен-көлдер жағалауларын тазарту, мектеп жанындағы учаскелерге гүлзарлар отырғызу, білім ошақтарында құрал-жабдықтарға жөндеу жүргізу шаралары шешімін тапты. Осы уақыт аралығында Макин қаласында Даңқ аллаеясы маңында бес гектар аумақ тазартылып, Щучье көлінде «таза жағалау» шарасы шешімін тапты. Номері 4-ші кәсіптік лицейде күрделі жөндеу жүргізіліп, сыртқы сәулеті көріктендірілді. Оның сыртында білім ошақтарында 320 парта мен 770 орындық ретке келтірілген. Оған бір жарым миллион теңге қаржы жаратылды. Сандықтау ауданындағы орманды алқаптың 83 гектар аумағы арамшөптен оталып, 240 көшет әзірленді. Алдағы жылы айтулы іс-шара жалғасын тауып, ауылдың ажарлы болуы басты назарда ұсталмақ.

Соңғы жаңалықтар