Ақмола облысында автоклав газ бетонын өндіретін зауыт ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 жылдығы қарсаңында Целиноград ауданының Ақмол ауылында «автоклав» газ бетонын өндіретін «Жаңа сервис - 2007» ЖШС зауытының салтанатты ашылуы өтті. Өндіріс қуаты жылына 60 000 текше метрді құрайды.
None
None

Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ. Отаров, аудан қызметтерінің басшылары мен Ақмол аудандық орталығының тұрғындары қатысты.

Бұл жоба Ақмола облысының Индустрияландыру картасына кіргендігін атап өткен жөн.

Жобаның жалпы құны 226 млн. теңге, оның 150 млн. теңгесі несиелік қаражат болса, 76 млн. теңге өз қаражаты есебінен салынды.

Аталмыш кәсіпорын қызметінің тұтынушылары Астана мен Ақмола облысының құрылыс ұйымдары болмақ. Бұдан басқа, келешекте EXPO-2017-ге нысандар салуға дайын өнімді пайдалану жоспарлануда.

Нысанның ашылуы арқасында 75-тен астам жұмыс орны құрылды.

Соңғы жаңалықтар