Ақмола облысында аязда бес адам опат болды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің деректері бойынша жаңа жылдың алғашқы аптасында аязды далада қалған бес адам опат болған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бет қаратпас аязда тұрағы жоқ бір адам Степногор қаласында, екіншісі Макин қаласында суықта қатып қалып, дүниеден озған. Көкшетау қаласында суыққа ұрынып, далада үсіген 12 адамның аяғын кесуге тура келген. Қазіргі кезде аймақ бойынша денсаулық сақтау, ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменттері арнайы кестеге сәйкес жұмыс жасауда. Әр өңірде кезекшілік топтар жасақталып, бейсуат жолға шыудың алды алынуда. Бүгінде Астана-Екатеринбург, Астана-Петропавл тасжолдарында арнайы жасақталған топтар тәулік бойы кезекшілік жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар