Ақмола облысында балаларды шаңғы спортына баулыған жаттықтырушы есірткімен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғы спортының жаттықтырушысы Ақмола облысының аумағында гашишті заңсыз өткізгені үшін ұсталды. Заңсыз айналымнан 55 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
None

Ұзақ мерзімді жедел жұмыс барысында Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен келісу және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қолдауымен «Қарасора – 2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Астана мен облыс аумағына есірткі құралдарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының есірткіге қарсы полицейлері Жібек Жолы кентінің терминалының жанында Астана қаласының 37 жастағы тұрғыны, облыс аудандарының бірінің тумасы басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Сол тұлға балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқан.

Күдіктінің автокөлігін санкцияланған тінту барысында багаж бөлігінде картон қорап табылды, оның ішінде салмағы 40 келіге жуық гашиш есірткі заты бар төрт полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сол күні елорда маңындағы ауданда, өз үйінде есірткі заттарының тағы бір көтерме саудагері, 36 жастағы ер адам ұсталды.Сол үйді санкцияланған тінту кезінде гараждың үй-жайынан салмағы 15 келіден астам есірткі заты бар екі полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Соңғы жаңалықтар