Ақмола облысында барлық егіс алқабының 60 пайызына тұқым сіңірілді

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес, бүгінгі күні жоспардағы 4 миллион 569,4 мың гектар алқаптың 2 562 гектарына дәнді дақыл тұқымы себілген. Бұл барлық егістіктің 60 пайызын құрайды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктемгі дала жұмыстарына 700-ге тарта себу кешені жұмылдырылған. Тұқым себу жұмыстары Атбасар, Еңбекшілдер, Жақсы, Қорғалжын аудандарында жоғары қарқынмен жүзеге асырылуда. Биылғы жылы өңір егіншілері бағасы жоғары, сұранысқа ие майлы дақылдарды 106 мың 329 гектарға жеткізген. Бұл алдын ала жоспарланғаннан 15 мың гектарға көп. Бағалы дақылды өсіруге Зеренді, Атбасар, Целиноград, Шортанды аудандары ерекше мән беріп отыр. Сонымен бірге өңірде 1593 гектарға картоп отырғызылып, 500 гектарға көкөніс өсірілуде. Мал азығы үшін 30 мың гектарға бір жылдық, ал 10 мың гектарға көпжылдық шөп тұқымы себілді. Көктемгі дала жұмыстары күн озған сайын қарқын алуда.

Соңғы жаңалықтар