Ақмола облысында бір жарым мың мүгедек әлеуметтік қамқорлыққа алынды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы бір жарым мың мүгедек жан үйлерінде әлеуметтік қамқорлыққа алынып, тиісті жәрдем көрсетілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік үйлестіру басқармасының бастығы Әбділрахман Мәдияровтың айтуынша, 178 мүгедек жанға жеке әлеуметтік күтуші белгіленіп, құлағы нашар еститін 98 адамға 19 маман бекітілген көрінеді. Жалпы жыл ішінде мүгедек жандардың гигиеналық қажеттігіне бюджеттен 60,7 миллион теңге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналдық төлеміне 36,6 миллион теңге, санаторийлік-шипажайлық емдеу орталықтарында денсаулықтарын түзеу мақсатына 11,1 миллион теңге қаржы қарастырылған. Оның сыртында 15,3 миллион теңгеге есту, жазу, көру, жылжу жабдықтары әперілген болатын. Сондай-ақ 417 адамға 27,5 миллион теңгенің протездеу-ортопедтік қызметі көрсетілген.
Соңғы жаңалықтар