Ақмола облысында бірінші сынып оқушыларының жаңа оқулықтарына қосымша 200 млн. теңге бөлінеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин 12 жылдық білімнің жаңа стандарттарын енгізу бойынша өңірдегі даяндық жұмыстары туралы баяндап берді.

«Жаңа оқу жылынан бастап 20 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқытылады»,-деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында.

Биылғы 1 тамызға қарай  бірінші сынып өрендерін жаңартылған мазмұндағы оқулықтармен қамтамасыз ету үшін  облыстық бюджеттен қосымша 200 млн. теңге бөлінеді.

Бұдан бөлек, кезең-кезеңмен үш тілді білім беруге көшу мәселесіне тоқталған әкім: «Пәнді ағылшын тілінде жүргізетін ұстаздарды даярлауды Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi атқаруда. Алдыңғы қатарлы шетел жоғары оқу орындарында университеттің 50-ден астам оқытушысы біліктілігін жоғарылатты», - деді.

С. Кулагиннің сөзінше, ағымдағы жылы көп тілді білім беру бағдарламалары бойынша бірінші түлектер оқып шығады, яғни бұл тұрғыда 41 мұғалім дайындалмақ. 2020 жылға дейін пән жүргізетін 158 мұғалімді даярлау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram