Ақмола облысында бірқатар басқармалардың басшылары ауысты

Бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен әкімдік отырысы өтіп, онда облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуының тоғыз айдағы қорытындылары шығарылды. Отырыста облыс әкімі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың жаңа басшыларын таныстырды.
Облыс әкімі Сергей Кулагиннің ағымдағы жылғы 19 қазандағы өкімімен Ербол Амангелдіұлы Оспанов Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ербол Амангелдіұлы, 1989 жылы туған, стандартизация, метрология и сертификаттау бакалавры және экономика мен бизнес магистрі мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2011 жылғы қыркүйекте Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады.
2013 жылғы қаңтардан бастап 2015 жылғы қыркүйек аралығында облыс әкімінің аппаратында бас маман-инспекторы және индустрия мен инвестицияларды дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2015 жылғы қыркүйектен бастап Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.
Облыс әкімі Сергей Кулагиннің ағымдағы жылғы 19 қазандағы өкімімен Берік Лухманұлы Мұстафин Ақмола облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды.
Берік Лухманұлы, 1970 жылы туған, экономист және заңгер мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар,
Еңбек жолын 1997 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүйесінде бастаған.
Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің іс басқарушысы, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.
2015 жылғы сәуірден бастап Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып қызмет етті.