Ақмола облысында биылғы жылдың І жартысында 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 5830 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін әкімдік отырысында облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жалғасатын болады. Тек 2010 жылдан 2014 жыл аралығында осы бағдарлама арқасында 260 мың жаңа жұмыс орындары құрылған. Бұл жұмыстарды жалғастыруға бюджеттен қаражат бөлінген. Сондай-ақ 2015 жылы индустрияландыру желісі бойынша 75 нысанның құрылысын салу жоспарлануда, бұл қосымша 7,5-8 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - дейді Дәурен Әділбеков. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша өңірде 582 жұмыс орындарын құратын 650,1 миллион теңгенің 33 жобасын жүзеге асыру көзделген. Сондай-ақ 131 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 484,6 миллион теңгенің дәрігерлік амбулатория салу құрылысы бойынша 7 жоба жоспарда тұр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 287 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қолға алынып, 163 бағдарламаға қатысушыны 489 миллион теңгеге шағын несиемен қамту жоспарланған. БЖК-2020 үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесі аясында 286 адам, әлеуметтік жұмыс орындары аясында - 367 адам, кәсіби оқытуға (қайта оқытуға) - 24 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Целиноград ауданының Родина ауылында қызметтік тұрғын үй салуға және Калачи, Красногорский елді мекен тұрғындарын көшіру үшін бюджеттен 2,1 миллиард теңге қарастырылған. Жалпы, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздықтың деңгейі 4,9 пайыз ресми жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызды құрады. Жұмыспен қамту қызметі арқылы 3769 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтініш білдіргендердің санынан 63,4 пайызы. Қоғамдық жұмыстарға 2269 адам жіберілді. Барлық қаржыландыру көздерінен 2370 аз қамтылған азаматтарға 28,3 миллион теңге сомасында әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар