Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы ауқымында бес жоба мақұлданды

Кәсіпкерлердің үш жыл бойы жылына 7% мөлшерлемемен банктік несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау іске асатын болады.
«Юргал» ЖШС, кәсіпорын Ақкөл ауданында орналасқан, жасанды тастардан, цемент және бетондардан дайын құрылымдарды монтажтау жұмысын жасаумен және өндірумен айналысады, 18 млн. теңге сомасындағы қарызға алынған қаражат көрсетілетін қызмет ауқымын кеңейту мақсатымен автокран сатып алуға бағытталған.
«Юмашев О.Р.» ЖК - кәсіпкер Көкшетау қаласындағы көлік құралдарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету бойынша техникалық қызмет көрсетеді, жоба бойынша 18 млн. теңге сомасына қазірде қызмет көрсетіп отырған ТҚС-ға қосымша құрылыс жұмысын жүргізу жоспарлануда.
«Пак О.В.» ЖК - автокөлік құралдарымен жүк тасымалдау қызметін іске асырады. Қызметін кеңейту мақсатымен, кәсіпкер, рефрижератормен бірге тартқышты сатып алуды жоспарлайды, жоба 11,3 млн. теңге сомасын құрайды.
«Голик Д.В.» ЖК - кәсіпорын Степногор қаласында орналасқан, жоба бойынша автокөліктерге қызмет көрсету үшін коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу жоспарлануда, жобаны жүзеге асыру сомасы 4 млн.теңгені құрайды.
«МиК-KZ» ЖШС - кәсіпорынның негізгі қызмет түрі ұн мен бидай астықтарын экспорттаумен айналысады. 500 млн. теңгені құрайтын несие қаражатына кәсіпорын зығыр, рапс, дәнді дақылдарды сатып алуды іске асыруды жоспарлайды.