Ақмола облысында болған өртте ер адам қаза тапты

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл қаласында 7 қазан күні сағат 04:29-да тұрғын үйде өрт болды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Өрт сағат 04:50-де ауыздықталып, 07:40-та толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД өртке қарсы күрес қызметіндегі жеке құрамның 3 адамы мен 1 техникасы тартылды. Жалын тілі 70 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру барысында 40 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар