18:24, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақмола облысында боран салдарынан тас жолдардың 6 учаскесінде қозғалыс тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 6 учаскесінде қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитетінен.
Осылайша, дауыл салдарынан «Астана-Петропавл» (304-341 км); «Екатеринбург-Алматы» (997-856 км); «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 км); «Мамлютка-Қостанай» (404-180 км); «Жезқазған-Петропавл» (377-595 км); «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82) тас жол учаскелерінде барлық көліктердің қатынауына тыйым салынды.