Ақмола облысында браконьерлер ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында браконьерлер ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында қазанның 12-і мен қарашаның 11-і аралығында «Браконьер» республикалық жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

«Іс - шара барысында «Қарағай» аңшылық шаруашылығы аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқан Щучье қаласының 30 және 38 жастағы тұрғындары ұсталды, күдіктілерден 12 калибрлі және 1 еліктің еті тәркіленді», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 337 бабының 3 бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктілерге қатысты «шақырғанда келіп отыру» процессуалдық міндеттеу шарасы қолданылды.