Ақмола облысында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған қайырымдылық жобасы жүзеге асырылады

Меморандумның мақсаты - ауданда ауыл балалары мен жасөспірім арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «3, 2, 1, - СТАРТ !» қайырымдылық жобасын жүзеге асыру болып табылады.
Осы жоба аясында « Coca-Cola Алматы Ботлерс» БК ЖШС-і» Орталық Азияның Еуразия қоры» корпоративті қоры арқылы Аршалы аудандағы 28 мектепке барлығы 21,5 миллион теңге қаржы аударуды көздеп отыр. Ол үшін аталған мектептер өздерінің жобаларын ұсынуы қажет. Аршалы ауданы облыста алғашқы болып, аталған жобаны жүзеге асыруға келісіп отыр.
«Жоба өңірдегі мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - дейді аудан әкімі Жомарт Нұркенов.