Ақмола облысында бұзақы көшеде өтіп бара жатқан адамды атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев еліміздің аумағында бірнеше қылмыстың ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Атап айтқанда, Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері Көкшетау қаласында автогаз құятын стансаға қарақшылық шабуыл жасап, 135 мың теңгені алып кеткен жергілікті тұрғынды ұстаған. Сонымен қатар Көкшетауда көшеде өтіп бара жатқан адамды бұзақылық ниетпен травматикалық қарумен жарақаттаған жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ол бұған дейін де сотты болған.

«Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері бұған дейін сотталған Рудный қаласының  тұрғынын ұстады. Ол азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған. Ал Шымкент қаласында криминалды полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасап, 20 мың доллардан астам қаражатты алып кеткен қарақшының серіктесін қолға түсірді. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын», - деді Алмас Садубаев брифинг барысында.

Мұнан бөлек, ресми өкілдің сөзіне қарағанда, Петропавл қаласында жергілікті тұрғыннан 5 келі героин тәркіленсе, Теміртау қаласында гараж кооперативі аумағынан 120 келі марихуана салынған қапшық табылған.

Соңғы жаңалықтар