Ақмола облысында дүкендегі терминалды ұрлап кеткен үш жігіт ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында дүкенде тұрған төлемдер қабылдайтын терминалды ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Ұрлық Сандықтау ауданының Красная поляна ауылында орын алған. Жергілікті дүкеннің есігін бұзып кірген қаскүнемдер іште тұрған терминалды алып кеткен.
Нысанда күзет дабыл қаққышы мен бейне бақылау камерасының болмағанына қарамастан, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 19-21 жас аралығындағы 3 жігітті көп ұзатпай қолға түсірді.
Күдіктілер терминалды бұзып, ішіндегі ақшасын өзара бөліскен.
Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар