00:16, 20 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тас жолының бір бөлігі жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызға ие жолдың учаскесі жабылды.
«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, 19 қаңтар күні кешкі сағат 20.00-ден бастап «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 858-917 шақырымындағы Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы мен Жақсы ауылының аралығында көлік қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, бұл аумақтағы боран мен жолдың көрінуінің нашарлауы көлік қозғалысын қиындатып отыр, сондықтан автокөліктің барлық түрлері үшін жолдағы қозғалысқа тыйым салынды.