Ақмола облысында екі бірдей автобус жолдан шығып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Көкшетау-Атбасар тас жолының бойында жолдың тайғақтығынан екі бірдей жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл туралы бүгін таңғы уақыт 11:08 шамасында ӨБ-14 кезекшілік бөліміне Зеренді ауданының әкімінің орынбасары телефон арқылы хабарлаған. ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша Көкшетудан 50 шақырым жерде "Атбасар қаласының жолаушылар тасымалы" ЖШС тиесілі "VANPOL" маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі жолдың тайғақ болу себебінен рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылардың көмегімен көлік ішіндегі 17 жолаушы құтқарылды.

Дәл сол күні Көкшетаудан 65 шақырым қашықтықта жолдан шығып кеткен "VOLVO" автобусы мен "Атбасарская нива" ЖШС тиесілі "КамАЗ" жүк көлігін де тіркемесімен құтқарушылар алып шықты.

Соңғы жаңалықтар