14:36, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақмола облысында «ЭКСПО-2017» нысандарына қажетті құрылыс материалдары шығарыла бастады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «ЭКСПО-2017» нысандарына арналған қаптауыш тақталар шығарыла бастады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Шортанды ауданындағы «TURAN INDUSTRY» ЖШС-і табиғи тастардан (травертин, мәрмәр, гранит) қаптауыш тақталар шығаруда. Астана қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан өндіріс цехының аумағы 1000 шаршы метрді алып жатыр. Кәсіпорынға қытайлық құрал-жабдықтар сатып алынып, орнатылды және өзінің теміржол тұйығы бар. Кәсіпорын жылына 365 мың шаршы метр қаптауыш тақталар және 50 мың тонна өзге де өнім шығаруды жол қойған.