Ақмола облысында ең үздік балықшы анықталды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында балықшылар фестивалі өтті.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен өткен шараға Ақмола облысымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысынан келген 122 адам қатысты. Оның 8-і әйелдер.

Қармақ салу бойынша өткен сайысқа «Көкше жиһаз» ЖШС, «Торфей», «Клевый», «Рыбак», «Zоо природа» дүкендері мен «Алмa TV» кабелдік телевидение қолдау білдірді.

Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар жылдамдық сынап көрді. Әрбір қатысушы 3 минуттың ішінде мұзды шамасы келгенше көбірек оюы керек болды.

Осы орайда Юрий Лунга мұзды 8 ретте тессе, Вадим Габдрахимов пен Денис Эйсман 6 ойық жасап үлгерді.

Ал екінші кезеңде барлық қатысушыларға 2,5 сағат уақыт берілді. Осы уақытта кімнің қармағы көбірек тартып, балықты барынша көп аулаған жеңімпаз атанатын болды. Бұл кезеңде ең көп балық аулаған Виктор Евдокимов (2,5 сағатта 41 балық) болса, 40 балық ұстаған Александра Жұмағатов және 26 балықты қармағына ілген Евгений Скальский үздік нәтиже көрсетті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 47,5 ұпай жинаған Юрий Лунга бірінші орын, 42 ұпай жинаған Александр Жұмағатов екінші және 35,5 ұпай жинаған Вадим Габдрахимов үшінші орын иеленді.

Жалпы, командалық есепте «Нарфин» командасы жеңімпаз атанды. Одан кейінгі екінші және үшінші орындарды Көкшетау мен «Молодая гвардия» командалары өзара бөлісті.

null null null null

Соңғы жаңалықтар
telegram