09:24, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Ақмола облысында Есіл өзеніне батып кеткен 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Есіл өзеніне батып кеткен 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
ТЖД мәліметі бойынша 20-шы шілде күні кешкі сағат 19:25 минут шамасында Аршалы ауданының 42-ші разъезд стансасында Есіл өзеніне шомылмақ болған 1988 жылғы азаматша суға батып кеткен.
Іздеу жұмыстарына ҚР ІІМ ТЖК «Орталық өңірлік аэромобилді жедел-құтқару отряды» ММ-нің жеке құрамынан 3 қызметкер және 1 арнайы суда жүзу техникасы тартылып, тура екі сағаттан соң суға батып кеткен әйелдің денесін жағаға алып шықты.