21:01, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Ақмола облысында Грузия елінің азаматы жол-көлік апатына ұшырап, қаза тапты
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол-көлік апатының салдарынан Грузия азаматы қаза болды, деп хабарлады облыстың ІІД-і.

Жол-көлік апаты 25 қарашада «Астана - Петропавл» жолының 192 шақырымында болған. 52 жастағы Грузия азаматы «Volkswagen Jetta» маркалы көлікті жүргізіп келе жатқанда, жолды тазалап жатқан көлікпен қақтығысты.
Апаттың салдарынан оқиға жерінде жеңіл көлік жүргізушісі және Петропавл қаласының тұрғыны, 23 жасар жолаушы көз жұмды.