Ақмола облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар үлестірілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестірілді.
None
None

Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы Егіндікөл ауданында ұйымдастырылды. Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Бақытты балалық» партиялық жобасы шеңберінде өткен шара барысында "Жас Отан" ЖҚ, жастар ресурстық орталығының белсенділері мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына танымал мультфильм кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, би билеп көңілдерін көтерді. Сондай-ақ, балаларға дастархан жайылып, тәтті тағамдар үлестірілді. Ең қызығы шараға келген барлық балаларға планшеттер сыйға тартылды.

"Бүлдіршіндерге бақыт сыйлап, әсер қалдыру партиямыздың ортақ мақсаты. Сыйлығымыз көптеген елдерде қабылданған инклюзивті білім беру бағдарламасының одан әрі қалыптасуына кішкене үлесіміз болады деген үміттеміз", дейді "Нұр Отан" партиясы Егіндікөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Махсетбай Серікбаев.

Соңғы жаңалықтар