12:04, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Ақмола облысында ішінде балықшылар болған «Нива» мұздың астына кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 23 қарашада, сағат 22:00-де Қорғалжын ауданы Ұялы ауылында Нұра өзенінде «Нива» көлігінің салмағы ауыр болғандықтан мұз жарылып, оның салдарынан көлік суға кетті.

Көлікте екі адам болды, деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Балықшылардың бірі өз күшімен жағалауға шыға алды. Құтқарушылар екінші балықшыны - 50 жастағы Қ. Әбілдинді іздеді.
Бұл жұмысқа 20 жергілікті тұрғын, Қорғалжын аудандық ТЖБ 1 қызметкері мен 1 техникасы, Қорғалжын АІІБ 4 қызметкері мен 1 техникасы тартылды. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.