Ақмола облысында ішкі саясат басқармасының алқасы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда облыстық ішкі саясат басқармасының алқасы өтті, онда өткен жыл қорытындыланып, ағымдағы жылға бірінші кезектегі міндеттер айқындалды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Ішкі саясат басқармасының басшысы Г. Шөкеева сөйлеген сөзінде есепті кезеңде ішкі саясат басқармасының жұмысы идеология менеджменті саласындағы қызметтің тиімділігін арттыруға, өңірлік деңгейде ішкі саяси үрдістерді шоғырландыруға бағытталғанын атап өтті.

Ол облыста «Нұрлы жол» Қазақстан Президентінің Жолдауын түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, маңызды қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру, азаматтық бастамаларды қолдау бойынша жоспарлы, мақсатты істер жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Өткен жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесі жайлы О. Салахова, Е. Сейітов, Г. Балтабаев сөз етті, олар қоғамдық үрдістерді дамыту мақсатында ведомстволармен, аудандық, қалалық әкімдіктермен жұмыс алгоритмі қалыптасқанын атап өтті.

2014 жылғы жұмыс нәтижелері туралы ішкі саясаттың аудандық бөлімдерінің бастықтары Ж. Байгелдинова, Қ. Сағындықов, Қ. Жұманова есеп берді.

Сондай-ақ, маңызды стратегиялық мәселелер талқыланды. Онда қоғамда ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мақсатты топтармен атаулы жұмыс жасауға, мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуге бағытталған басым бағыттар айқындалды. Жиын қорытындысы бойынша ішкі саясаттың бірқатар басшылары алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар