12:15, 24 Шілде 2015 | GMT +5
Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен студент іздестірілуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен 1997 жылғы Есіл ауданындағы Двуречное селосының тумасы, Астрахан селосындағы №6 агротехникалық колледждің 1 курс студенті Александр Огуречников іздестірілуде. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Александр Юрьевич аталған колледждің жатақханасынан ағымдағы жылдың 24 мамырында өз еркімен шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған. Бойы 165-170 сантиметр шамасында. Арықша келген, шашы қара, көк көзді. Үстіне қара түсті күртеше, қызыл түсті шолақ жейде, қара түсті спорттық шалбар және ақ кроссовка киген. Александр Огуречниковты көрген немесе оның жүрген жерін білетін азаматтар болса, «102» телефон нөмірі арқылы хабарласын» делінген хабарламада.