Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен әскери іздестірілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен әскери қызметші іздестірілуде. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша Нұржан Қайратұлы Сұлтанғазин 1992 жылдың 12 қаңтарында туған. Щучье қаласы, Магнитная 21/1 үйде тұрған. ҚР ҚМ «Кадет корпусы» - да келсімшарт бойынша әскери борышын  өтеп жатқан ол  2016 жылдың 12 маусымында із-түссіз жоғалып кеткен.

«Жоғалған сәтте үстіне  көк түсті спорттық жейде, көк джинс,  көк спорттық аяқ киім киген. Бойының ұзындығы 175 см, арықша келген, қара шашты. Нұржан Қайратұлын көрген, білген адамдар болса, 8 (716 36) 4-20-65 немесе «102» арнайы нөміріне хабарласуды сұраймыз», деп көрсетілген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram