Ақмола облысында кәсіпкерлікпен айналысқан мемлекеттік қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша экономикалық қылмысқа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті кәсіпкерлікпен қатар айналысқан И.есімді мемлекеттік қызметкердің үстінен ҚР ҚК-сінің 310-шы бабы 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаржы департаменті басқарма бастығы Еділ Бейсековтың айтуынша, «Агрохимиялық қызмет республикалық ғылыми-әдістемелік орталық» мемлекеттік мекеме бастығының орынбасары Ф. есімді азамат Шортанды ауданында кәсіпкерлікпен шұғылданатындығы турасында аудандық салық комитетінде тіркелген. Сөйтіп агротехнологияны жетілдіру, агротехнологияны игеруге кеңестік көмек көрсету, агрохимикаттардың тиімділігін зерттеу, дәрістер оқу сынды қызметтермен айналысып келген. Осылайша лауазымды қызметкер «Фишер И.Э» жеке кәсіпкерлік арқылы бір миллион 666 мың 90 теңге заңсыз пайда тапқан. Қазір күдіктінің іс әрекеті бойынша тергеу амалдары жалғастырылуда.
Соңғы жаңалықтар