11:24, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Ақмола облысында «Қазақалтын» АҚ шахтасынан алтын рудасын ұрлаған күдіктілер қолға түсті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қазақалтын» АҚ кенішінің № 38 шахтасынан заңсыз құрамында алтыны бар 4 қап руданы ұрлаған күдіктілер қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, таңғы 08:40 минут шамасында Степногор қалалық ІІБ Ақсу кентіндегі № 38 шахтада бөтен адамдардың жүргені жөнінде ақпарат түскен.
«Оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері 40 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны мен 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, олардан құрамында алтыны бар 4 қап руданы тәркіледі.
Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 334-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.