Ақмола облысында қоғам қайраткері Чапай Әбутәліпов дүниеден өтті

Чапай Мұталапұлы Әбутәліпов 1939 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Қызылсая ауылында туған.
1958-1963 жыллары- Қазақ ауылшаруашылық институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университет), Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1963-1975 жылдары - «Қазақ ауылшаруашық техника» Көкшетау (Ақмола) облыстық бірлестігінің аға инженері, механик, бас инженер, кеңшардың директоры болып қызмет еткен.
1975-1990 жылдары - Көкшетау (Ақмола) облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Еңбекшілдер ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, Целиноград (Ақмола) облыстық партия комитетінің хатшысы болды.
1990-2000 жылдары - Көкшетау (Ақмола) облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Көкшетау (Ақмола) облыстық кеңесінің төрағасы, «Агропромэнерго» өндірістік бірлестігінің төрағасы, Көкшетау (Ақмола) қалалық ұйымның төрағасы - «Отан» («Нұр Отан») Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1997-2001 жылдардары- Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, 2001 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылым депутаты.
«Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» орденімен марапатталған.