10:34, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Ақмола облысында қоғамдық көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қоғамдық көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады «Қазақавтодор» РМК баспасөз қызметі.

«Ақмола облысында 24 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) Астана-Петропавл (18-293 шақырым, 304-341 шақырым); Көкшетау-Рузаевка (0-61 шақырым); Көкшетау-Омбы (2-50 шақырым); Көкшетау-Атбасар (0-184 шақырым); Көкшетау қ. айналма жолы (0-18 шақырым); ЩБКА туристік кешеніне кіреберіс (0-8,9 шақырым), Бурабай курорттық аймағы (0-66 шақырым); Астана-Ерейментау-Шідерті (16-205 шақырым); Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (232-260 шақырым) автожолдарында қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелді»,- делінген хабарламада.