Ақмола облысында көлік қаққан жасөспірім ауруханаға түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 17 жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None

Ведомствоның мәліметінше, 22 тамызда сағат 21:30 шамасында Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне Ыбырай Алтынсарин ауылының Абай көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түсті.

Анықталғандай, Абай көшесімен жүріп келе жатқан «Lada Kalina» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолдың шетінде кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Салдарынан 17 жастағы жасөсіпірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

«Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жаяу жүргіншіні соққан мотоциклист комада жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар