10:59, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облысында құрылыс жұмыстары қарқын ала бастады
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында өңірде бір миллиард 331 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,1 есеге артық,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жыл ішінде жүзеге асырылған құрылыс шараларының 95,6 пайызы жеке меншік кәсіпорындардың, ал 4,6 пайызы мемлекеттік мердігерлер күшімен іске асырылған. Оның 86,3 пайызы өндірістік нысандар мен тұрғын үйлер салуға қатысты болды. Құрылыс жұмыстарының өсу қарқыны аймақтар бойынша алып қарағанда Көкшетау қаласында 6 есеге, Жақсы ауданында 2,3 есеге артса, жалпы жұмыстардың 96 пайызы Көкшетау қаласы, Сандықтау, Целиноград аудандары еншісіне тиесілі. Осы уақытта 32 тұрғын үй, 20 өндірістік нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде өңірде жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден астам сауда орталықтары, 140 орындық балабақша, 20 орындық пансионат, бес мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.