Ақмола облысында қырман меңгерушісі 280 тонна бидайды заңсыз сатып жіберген

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 31 қазанында Сандықтау ауданының ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті ЖШС-нің бірінің 52 жастағы директоры хабарласып, Лесное ауылындағы қырман басынан ірі көлемде бидайдың ұрланғанын айтқан.
None
None

 ЖШС келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгені құрады.

«Жедел-іздестру шарасы барысында Сандықтау аудандық ІІБ қызметкерлері осы ауылдың 49 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қырман меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзін бидайды сатып алушыға ЖШС директорымын деп таныстырған. Кейін еш құжатсыз қырманда сақтаулы тұрған биылғы жылдың 280 тонна бидайын жүк көліктерімен жөнелтіп отырған», делінген хабарламада.

Қазіргі кезде, ҚР ҚК 189 бабының 9 бабы бойынша (біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және пайдалану) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар