10:33, 08 Маусым 2014 | GMT +5
Ақмола облысында Нұра өзеніне «ВАЗ» жүргізушісі көлігімен батып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Еңбекші ауылындағы Нұра өзеніне жүргізуші көлігімен суға батып кеткен.
Атап айтқанда, кеше таңертең 1962 жылы туған азамат И.Халиков өзінің «ВАЗ» автокөлігін басқара алмай, суға құлап кетіп, одан шыға алмай қалған. Оның денесін Ақмола облыстық өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері түстен кейін судан шығарып алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.