Ақмола облысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрт филиалы жұмыс істей бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тағы да төрт филиалы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан.
None
None

Атап айтқанда, Есіл, Еңбекшілдер, Целиноград аудандарында және Степногорск қаласында палата филиалдары ашылды.

ӨКП директоры Уәлихан Ғабдуллин ұжымға жаңадан сайланған филиалдар басшыларын таныстырды. Қазірде Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдіктері он бес ауданда бар. Бұл филиалдардың ашылуы бизнес субъектілерінің өз түйткілдері мен мәселелерін жергілікті жерде шешу үшін палата өкілдеріне тікелей жүгінуіне мүмкіндік береді. «Кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша жағымды жағдай жасап, ШОБ субъектілері қызметіне кедергі келтіруші төрешілдік және әкімшілік тосқауылдарды қысқарту қажет. Және біздің жұмысымыздың нәтижесі жүйелік мәселелерді шешу, бизнес субъектілерінің іскерлік белсенділігінің өсуі, оң шешімін тапқан өтініштер санын ұлғайту болуы тиіс», - деді У.Ғабдуллин. Жиналыс барысында палата қызметінің басқа да мақсаттары мен міндеттері, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту келешегі, жергілікті атқару органдарымен ынтымақтастық мәселелері талқыға салынды.

Соңғы жаңалықтар