18:01, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Ақмола облысында оңтайлы ауруханалар шығарылады - ҚР Үкіметінің басшысы
КӨКШЕТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Ақмола облысының Көкшетау қаласында «жылжымалы ауруханалар» шығарылады, деді ҚР Премьер-Министрі Кәсім Мәсімов шілденің 7-сінде.

«Біз бүгін «КамАЗ-инжиниринг» базасында жылжымалы ауруханалар шығаруға шешім қпабылдады. Бұл - жаңа өндіріс, жаңа жұмыс орындарын ұлғайту, салық арта түсетін болады», - деді к.Мәсімов.
Оңтайлы ауруханалар сапалы және жедел медициналық қызмет көрсететін орындары жоқ елді мекендерде жұмыс істейтін болады. ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, тұтастай алғанда елде 50-ге тарта осындай оңтайлы ауруханалар қажет. Жылжымалы ауруханалар «КамАЗ» автомашиналарына орнатылады.
«КамАЗ-инжиниринг» кәсіпорны жүк автомашиналарының 10-нан астам түрін игерді. Оларды әртүрлі салада - құрылыста, ауыл шаруашылығында, коммуналдық қызметте және денсаулық сақтау салаларында қолдануға болады.