Ақмола облысында өткен айда 2654 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар айында екі миллиард 654 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді, өсім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,7 пайызды құрап отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сілтеме жасап. Осы уақыт аралығында өңірде барлық меншік түрі бойынша 8,3 мың тонна ет, 13,1 мың тонна сүт, 20 миллион дана жұмыртқа алынған, өсім өткен жылмен салыстырғанда сүттен - 0,4 пайызға, жұмыртқадан 36,5 пайызға жоғары болды. Жылдың алғашқы айында қой мен ешкі саны - 2 пайызға, ірі қара - 0,2 пайызға, жылқы - 1,9 пайызға, құс 10,2 пайызға артқан. Қазіргі кезде өңірде 411,1 мың ірі қара, 324,3 мың қой мен ешкі, 200,3 мың шошқа, 88,1 мың жылқы мен екі жарым миллионнан астам құс күтімге алынып отыр.
Соңғы жаңалықтар