Ақмола облысында өткен айда тұтыну тауарлары бағасының тұрақтылығы қамтамасыз етілді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен қаңтар айында тауарлар мен ақылы қызметтің тұтыну бағаларын тұрақтандыру қамтамасыз етілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі статистика басқармасының мәліметіне сілтеме жасап. Өткен айда 2008 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 100,1 пайыз (республика бойынша 100,2 пайыз), өнеркәсіп тауарлары-99,8 пайыз(99,6 пайыз), тұрғындарға ақылы қызмет көрсету 100,2 пайыз(101,2 пайыз) деңгейінде қалыптасты. Қаңтар айындағы сүт өнімдерінің бағасы 2,7 пайызға, көкөніс-2 пайызға, арақ-шарап -17,5 пайызға, темекі өнімдері 8,6 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте өсімдік майы-15,2 пайызға, ет және ет өнімдері-0,4 пайызға, жұмыртқа-0,3 пайызға, күріш-4,8 пайызға, ұн, жарма-0,3 пайызға, нан-0,2 пайызға арзандап отыр. Өнеркәсіп тауарлары ішінде дизель жанар майы-8,3 пайызға, цемент-3,1 пайызға, көгілдір отын-1,3 пайызға арзандап, аяқ киім-0,9 пайызға, фармацевтика бұйымдары-0,6 пайызға қымбаттады. Ақылы қызмет бойынша қоқыс шығару-26,1 пайызға қымбаттап, су, кәріздік жүйе, электр қуаты, орталықтандырылған жылыту-0,9 пайызға арзандады. Дегенмен өткен айда телефонның абоненттік төлемі 14 пайызға ,көлік қызметі 0,6 пайызға өсті.
Соңғы жаңалықтар