Ақмола облысында өткен сегіз айда 4 803 қылмыстық оқиға тіркелген

Осы уақыт аралығында өткен жылдың қаңтар-тамыз айымен салыстырғанда ұрып-соғуға байланысты қылмыстық әрекет 44,8 пайызға, ауыр дене жарақатын салу-17,3 пайызға, қасақана кісі өлімі-17,4 пайызға, есірткіге қатысты қылмыстар 1,4 пайызға азайған. Дегенмен жыл ішінде ұрлық жасау-31,2 пайызға, тонау-21,7 пайызға, алдап-арбау-4,2 пайызға өскендігі тіркеліп отыр. Экономикалық қылмыс бойынша 214 оқиға есепке алынған, бұл былтырғы жылға қарағанда 4,5 пайызға көп. Осы уақытта қылмыстық оқиғалардың өсуі Бурабай ауданында 1,6 есеге, Жарқайыңда-1,4 есеге жеткен. Тергеу барысында анықталғандай, қылмыстан келтірілген материалдық шығын 485 миллион теңге деңгейінде қалыптасқан, оның 54,2 пайызы меншікке байланысты, 35,1 пайызы экономикалық салада тіркелген. Жыл ішіндегі қылмыстардың ашылуы 79,8 пайызға жеткен, бұл былтырғы жылы 79,3 пайыз болған.