09:41, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Ақмола облысында өткен жартыжылдықта 19,7 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді
КӨКШЕТАУ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылдың алғашқы алты айында 19,7 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы уақытта өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 2,5 пайызға, сүт -2 пайызға, жұмыртқа- 45 пайызға өскен. Өңдеу саласы бойынша ет өнімдерін шығару 35 пайызға, жарма-2,2 пайызға, шұжық өнімдері-7 пайызға, макарон өнімдері - 4 пайызға артып отыр. Жыл ішінде 2008 жылдың қаңтар-маусым айымен салыстырғанда бағымдағы мал басы ірі қара бойынша 2 пайызға, соның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 41 пайызға, қой мен ешкі тиісінше 3 және 10 пайызға, жылқы 4 пайызға, құс басы 13 пайызға көбейген.