Ақмола облысында өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айында бөлшек тауар айналымы 8,9 пайызға өсті

КӨКШЕТАУ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы бойынша өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек тауар айналымы 65 222,4 миллион теңгеге жетіп, өсім бұрнағы жылмен салыстырғанда 8,9 пайызды құрап отыр.
None
None

Статистикалық деректер бойынша осы уақыт аралығында жекеменшік және жекелей сауда орындары арқылы 65 058 миллион теңгенің отандық тауарлары сатылған, бұл барлық сауда-саттықтың 99,7 пайызы, қалғаны мемлекеттік, заңды тұлғалар еншісіне тиесілі. Жыл ішіндегі жалпы бөлшек тауар айналымының 47,4 пайызы сауда кәсіпорындары арқылы жүзеге асырылған. Өткен жылда көтерме сауда бойынша 158 828,8 миллион теңгенің бөлшек тауар айналымы жасалынған, бұл бұрнағы жылға қарағанда 13,5 пайызға артық. Сауда-саттықтың бұл түрі Көкшетау қаласында 69,3 пайызға, Бурабай ауданында 13,2 пайызға тең.

Жыл ішінде қоғамдық тамақтандыру орындарында көрсетілген қызмет көлемі 10,8 пайызға өсіп, 2 829,6 миллион теңгеге жеткен. Ал, тұрмыстық техника, көлікке техникалық қызмет көрсету мөлшері 1 261,2 миллион теңге дегейінде қалыптасқан.

Соңғы жаңалықтар