Ақмола облысында өткен жылдың соңғы күні екі жол көлік апатынан 6 адам мерт болып, 7-уі жарақаттанған

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола олыстық жол полициясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жылдың соңғы күні екі жол көлік апаты тіркеліп, онда 6 адам мерт болып, 7-уі әртүрлі дене жарақатын алған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желтоқсанның 31-і күні тапа-тал түсте Бурабай ауданы аумағында Астана-Петропавл күрежол бойының 220-сыншы шақырымында көз қаратпас боранда тоғыз көлік соқтығысып, 4 адам әртүрлі жарақттарымен ауруханаға жеткізілген. Сол күні 17 сағат 10 минутта елордадан Павлодарға бет алған ресейлік азамат «Тойота-Марк-2» жеңіл көлігінің рөліне ие бола алмай «Ваз-2101» көлігімен жанамалай соқтығысып, одан іле-шала Ерейментау ауданы тұрғынының «Ауди-80» көлігімен бетпе-бет соқтығысып қалады. Нәтижесінде ерейментаулық ерлі-зайыптылар мен 2001-ші, 2005-ші, 2009-ші жылғы бейкүнә қыз балалары, «Тойотадағы» 1944-ші жылғы Армения азаматы дүние салған. Қазір тиісті құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар