09:51, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облысында өткен жылы 1301 мемлекеттік қызметкер біліктілігін жетілдірді
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысы бойынша өткен жылы 63 курс пен семинарларда 1301 мемлекеттік қызметкер білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мемлекеттік қызметкерлерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталық МКК бастығының міндетін атқарушы Любовь Агафонованың мәліметіне сәйкес, уақыт үрдісіне қарай мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру ісі барлық аудандарда, Көкшетау және Степногор қалаларында өз талап деңгейінде жүргізіліп келеді. Салалар бойынша алып қарағанда маңызды іске облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы,облыс әкімідігінің аппараты, қаржы , жұмыспен қамту және әлеуметтік үйлестіру басқармалары ерекше ден қойғандығы байқалады. Аймақтық орталықта лауазымды қызметкерлердің білімін жетілдіру, тәжірибелелерін толықтыруға қажетті алғышарттар ескерілген. Бұл іске еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар мен білікті мамандар қатыстырылады. Оқу бағдарламасы аясында пікір сайыстар, дөңгелек үстел басындағы кездесулер, тренингтер білім беру ісінің маңызды буындары болып отыр.