Ақмола облысында өткен жылы 138,3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы 138,3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді,
None
None
бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл ішінде өңірдегі іргелі өндіріс ошақтары саналатын Степногор тау-кен комбинаты, Степногор подшипник зауыты, «Тыныс», «Көкшетауарасансу» акционерлік қоғамдары, «Агример-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірісті өсіру қарқынын сақтап қалды. Облыс орталығында - екі, Шортанды ауданында бір кірпіш зауыты іске қосылды. Васильков тау-кен комбинаты алтын өндіру фабрикасы, жеті кірпіш зауыты мен екі цемент зауыттарының құрылыстары жалғастырылуда. Жалпы облыс бойынша инвестициялық қоржында 240 миллиард теңгені құрайтын болашағы зор 45 жоба қолға алынған. Олардың іске асырылуы қосымша жеті мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін болады.
Соңғы жаңалықтар