10:05, 17 Қаңтар 2011 | GMT +5
Ақмола облысында өткен жылы 175 050 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді
КӨКШЕТАУ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша өңірде өткен жылы 175 050 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген, өсім бұрнағы жылмен салыстырғанда 31,6 пайызды құрайды.

Жыл ішінде өндірілген өнімнің 86,2 пайызы ірі және орта кәсіпорындар еншісіне, 6,3 шағын кәсіпкерлік үлесіне, 4,2 пайызы қосалқы шаруашылық есебіне тиесілі. Осы уақытта тау-кен саласы бойынша өнім көлемінің өсімі 86,6 пайызды құрап отыр. Ол ең алдымен әк пен доломит өндірісін 63,1 пайызға, құрамында алтын бар шикізат өндірісін 53,5 пайызға, табиғи құм өнімін 9,8 пайызға арттыру нәтижесінде жүзеге асырылған. Өңдеу саласы бойынша жыл ішінде өндірілген және өңделген өнім көлемі 33,4 пайызға өскендігі байқалады. Ал, электр қуаты, көгілдір отын, сумен қамтамасыз ету өткен кезеңде 14,4 пайызға артып отыр.